152 күн вирус тасымалдаушысы болған кім?

Әлемде коронавируспен ауыру ұзақтығы бойынша рекорд орнады.

Алматы, NEGE. Бразилия тұрғыны 5 ай, нақтырақ айтсақ, 152 күн бойы вирус тасымалдаушысы болған. Бұл туралы Рио-де-Жанейро федералдық университетіне сілтеме жасай отырып, жергілікті ақпарат құралдары хабарлайды. Індетті жұқтырған әйел денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді екен. Наурызда аурудың жеңіл белгілері байқалыпты. Кейіннен COVID-19 симптомсыз өткен екен. Әйел үйде оқшауланып, тек 5 ай дегенде ғана жұмысқа қайта шығыпты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты