150 тоннадан астам жанар-жағармайды Қазақстан шекарасынан заңсыз өткізбек болған
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шілде айында жанар-жағармай материалдарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған 1 808 фактінің жолын кескен.
Астана, NEGE. ҰҚК дерегінше, шекарада тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы құны 33,4 млн теңге деп бағаланған.
Шекарашылар шілде айында жалпы сомасы 3,9 млрд теңге болатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 фактісін анықтады:
- 39 факті – есірткі заттары;
- 88 факті – қару-жарақ пен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2 131 дана оқ-дәрі);
- 392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
- 149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
Шекаралық аймақта Қазақстан заңнамасын бұзған 4 975 адам ұсталды, оның 4 346-сы – шетел азаматтары.
Бұдан бөлек, Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісі анықталып, нәтижесінде 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана (580 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Шекара қызметі өз құзіреті 63 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.