15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Кәрім Мендіқанов «Барселонамен» үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Енді қазақстандық футболшы мансабын каталониялық клубтың атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады.
Астана, NEGE. 15 жастағы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында клубпен келісімге қол қойған сәтінен фотосуреттер жариялап, сүйінші жаңалығын жеткізді.
«Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды жас футболшы.
2022 жылы Кәрім 11 жасында әкесімен бірге Испанияға көшіп кеткен. «Серданьола» және «Сан-Кугат» секілді бірнеше жергілікті клубта өнер көрсеткен қазақстандық жас футболшыға Ла Лига скауттарының назары түскен.
Биыл 22 сәуірде Кәрім алғаш рет Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына (U-16) шақырту алды. Ол 25-30 сәуір аралығында Шымкент қаласында өткен УЕФА-ның Даму кубогы турниріне қатысты.