«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Мәжілісте телекоммуникация нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Марат Башимов Қазақстандағы үй интернетінің сапасын сынға алды.

Freepik.com

Астана, NEGE. Депутат вице-премьер – цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке қойған сауалында телекоммуникация нарығын талқылау кезінде тек операторлардың құқықтары мен бәсекелестік туралы ғана емес, пайдаланушылардың да құқығы туралы да айту қажет екенін алға тартты.

«Бұл салада азаматтардың конституциялық құқықтары мен тұтынушылар құқықтарының жаппай бұзылып жатқанын бәрі біледі. Мен жолдың арғы бетінде тұрамын, тіпті үлкен пост жаздым – бәрі үй интернеті істемейтінін жазып жатыр. Бізге неге ертегі айтасыздар?» – деді Башимов.

Башимовтың айтуынша, тұрғындар қызмет ақысын уақтылы төлегенімен, сапалы байланысқа қол жетізе алмайды.

«Мен 15 мың төлеймін, қалыпты интернет алғым келеді. Бірақ жоқ! Бұл жерде сіздер нақ тұтынушылардың құқықтарына тиісті деңгейде көңіл бөлмей отырсыздар», – деді ол.

Өз кезегінде Жаслан Мәдиев сапалы интернетке қолжетімділік тұрғындар үшін базалық қажеттілік екенін айтып, мәселені бақылауға алуға уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді