14 рейс кейінге шегерілді
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қатты боранға байланысты әуе рейстері кейінге қалдырылды, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінің PR-менеджері Жеңіс Ахметжанов.
Алматы, NEGE. Қазақстанның 11 әуежайына тұрақты ұшатын болды 2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады Қазіргі таңда 9 рейс өзге қалалардан келетін ұшақтардың кешігуіне байланысты кейінге шегеріліп отыр. Олар – «FlyArystan» компаниясының 2 рейсі (Павлодар, Мәскеу) және «Эйр Астана» компаниясының 7 рейсі (Алматы – 2 рейс, Қызылорда, Шымкент – 2 рейс, Ақтөбе, Орал). «Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс 5 рейс, атап айтқанда «Эйр Астана» компаниясының Алматыға ұшатын 4 рейсі мен «Аэрофлоттың» Мәскеуге қатынайтын бір рейсінің уақыты өзгерген. Күшті желге байланысты (жылдамдығы секундына – 15 метрден асады) қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді», – деп мәлім етті Жеңіс Ахметжанов. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.