14 өңірде ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы, NEGE. 10 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 10 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, екпіні - 25 м/с.
10 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с асады.
10 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с жетеді.
10-11 мамырда Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы мен Жетісу Алатауында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл тұрады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде 15-20, 11 мамырда екпіні 25 м/с жетеді.
10 мамырда Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 10 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.