14 мыңнан аса мұғалім мен оқушы COVID-19 жұқтырған

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  «Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша 2 834 мұғалім мен 11 497 оқушы коронавируспен ауырды», - деді басқарма басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 237 300-ге жетті, 214 714 адам дертінен айықты. 2 963 адам аурудан көз жұмды. Айта кетейік, осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова IV тоқсанда қазақстандық оқушылар қалай оқитынын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі