144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеген
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, 6 206 адам ҰБТ нәтижелерін алады. Қатысушыларға электронды сертификат беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. «ҰБТ-ның бірінші күні 6 512 адам тестілеуден өтуді жоспарлаған. Бірақ 144 талапкер ҰБТ өткізу пунктеріне келмеді. Тестілеуге кіргізу барысында 2 талапкерде жоғары температура анықталды, олар ҰБТ-ны басқа күні, сауыққан соң тапсыра алады», - делінген хабарламада.
ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалады. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және "Адалдык аланы" жобалық кеңсе өкілдері кірді.