1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмекке қатысты ақпарат алуға болады

1 маусымнан бастап бірыңғай байланыс орталығы 1318 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді.

 

Алматы, NEGE. «1414 бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға МӘМС-ке жататын қызметтер түрі, оның ішінде тегін стоматологиялық ем алу мәселелері, сондай-ақ, тегін медициналық қызметтер бойынша кеңес береді. Одан бөлек, қазақстандықтар медициналық ұйымға шағымдана алады», - делінген хабарламада.

Ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін. Кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі.