14 жыл бойы жасырынған: Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. 38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады.

Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды. Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды. Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне жіберілді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады