13 жасар жапониялық қыз Олимпиада чемпионы болды

Жапониялық скейтбордшы Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында «стрит» дисциплинасындағы скейтбордингтен алтын медаль жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Финалда Нисия 15,26 ұпай жинап, сәйкесінше күміс және қола жүлде иегерлері болған бразилиялық Райсса Леал мен жапониялық Фуну Накаямадан озып кетті. Нисия бұған дейін осы дисциплина бойынша әлем чемпионатында күміс алған. Ерлер арасындағы сайыста жапондық спортшы Юто Хоригоме де жеңіске жетті. Нисия 1994 жылдан бері 13 жасында Олимпиада алтынын жеңіп алған алғашқы спортшы болды. Ол кезде Лиллехаммерде өткен Қысқы ойындарда шорт-трек эстафетасында кореялық Ким Юн Ми жеңіп алған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты