13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE.  Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты. Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды