13 әуеайлағы салынбақ
Алдағы бес жылда Қазақстанда 13 әуеайлағын салу жоспарлануда, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Алматы, NEGE. «Алдағы бес жылда 13 әуеайлағының құрылысы (құрылысты 2022 жылы бастау жоспарлануда) жоспарлануда. Бүгінгі таңда жергілікті әуе желілерінің үш әуеайлағы (Үшарал, Үржар, Зайсан) жұмыс жасап жатыр», – деді Атамқұлов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жұмыстарға да тоқталды.
«Биыл біз Түркістанда жаңа халықаралық әуежайды және Шымкентте жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап жатырмыз. Үржардағы әуежайының ҰҚЖ қайта салуды бастаймыз. Қаржыландыру бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың ҰҚЖ қайта салатын боламыз», - деді Атамқұлов.