6 сентября 2022 г. 15:41

137 қазақстандық ҰБТ бейнежазбасын тексергеннен кейін грантынан айырылды

Фото:

Емтихан нәтижесі белгілі болды. Дегенмен Ұлттық тестілеу орталығы бейнежазбаларды тексеру әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі – білім беру грантының иегері, деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

Бейнежазбаларды тексеру әлі жалғасып жатыр. Тексерістен кейін ереже бұзғандардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды. 

Сонымен қатар орталық басшысы толықтырғандай, бұзушылық фактілері бойынша қызметкерлерге қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр.

- Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды әкелу әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 322 адам аудиториядан шығарылды, - деді Руслан Емелбаев.

Тегтер: