135 қазақстандық Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралды

135 қазақстандық азамат мінген Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып шыққан ұшақ Талдықорған әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Шарджа – Талдықорған бағытындағы әуе рейсін еліміздің авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады. Алматы облысы орталығының əуежайы күшейтілген сақтық жағдайында. Мамандар арнайы киімде болды. Жолаушылар ұшақтан түскен бетте бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтіп, коронавирус инфекциясына анализ тапсырды. Сосын арнайы автобустар арқылы карантинге арналған мекенге жеткізілді.

Жолаушылардың бір бөлігі Текелі шипажайына, қалғаны Талдықорған қаласындағы мейманханалардың біріне орналастырылған. Олардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайды.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел: Келе салысымен телеметриядан тексеруден өтті. Ешқайсысының дене қызуы жоқ. Сондықтан олардың 45-ін Талдықорған қаласына, қалған тоқсанын Текелі қаласындағы «Текелі» профилакториіне жатқыздық. Олардан қажетті анализдер алынды. Анализдің результаттары бүгін шығады" деді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты