133 мың студенттің шәкіртақысы көбейеді

Нұр-Сұлтанда Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырды.

Алматы, NEGE. "2020 жылдың бірінші қарашасынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өседі", – деді Тоқаев . Сондай-ақ, Президент басты тапсырмалардың бірі білім беру сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру екенін айтып өтті. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, түлектердің 60 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды.