132 мың адам әлеуметтік көмек алды

Биыл халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 млрд-тан астам теңге бөлінді, оның 14 млрд теңгесі жұмсалды.

Алматы, NEGE. Мұндай мәліметті Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, жыл басынан бері 132 мың алматылық әлеуметтік қолдау алған. Көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілді. Аз қамтылған азаматтар, мүгедектер аталған қолдауға ие болды. Сонымен қатар, ол «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 13,8 млрд теңге бөлінгенін, бұл қаражат 24 мыңнан астам адамға көмектесетінін айтты.

«Осы жылдың 7 айында Жұмыспен қамту орталығына 27 мың адам жүгінген. 19 700 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша белсенді шараларға тартылды, 17 900 адам жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінде мегаполистің 8 700 тұрғыны бар, тағы 9 200 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 1 100 адам қазір әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 500 үміткер жастар практикасына жіберілді. Білім беру ұйымдарының тағы 800 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 6 600 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді