1329 адамға әкімшілік айыппұл салынды
Карантин талаптарын бұзған азаматтарға айыппұл салынды.
Алматы, NEGE. Карантин талаптарын бұзғаны үшін 1 329 қазақстандыққа әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы парақшасы.
«Карантин талаптарын бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланып жатқанына қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде. 2-8 қараша аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.