13-15 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 13-15 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. «Алдағы үш күнде оңтүстік циклон Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне ығысып, құбылмалы ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болады. Еліміздің тек оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», – деді «Қазгидрометтен».

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды