1300 шетел азаматы елге кіргізілмеді

Павлодар облысында мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу пунктінде адамдардың қозғалысына мониторинг жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар, NEGE. Бұл жайында Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлімет таратты. «Шектеулер енгізілген сәттен бастап облысқа 100 668 адам келді (орта есеппен тәулігіне 250-550 адам). ПТР тексерістен өту үшін 2 988 ҚР азаматы карантин стационарына орналастырылды» делінген хабарламада. Анықтамасыз келген 1 307 шетел азаматына шекарадан өтуге жол берілген жоқ. Соңғы тәулікте шекара арқылы 480 азамат өтіп, 14 адам карантин стационарына жатқызылды. Автоөтпе жолдарында вирус жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ. Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 16 азаматтың елге кіруіне тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады