«Әскери тікұшақ әлі табылған жоқ» – Имам шақырылып, құрбандық шалынды

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары 13 күннен бері жалғасып жатыр.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Тікұшақты Сорбұлақ көлі маңынан іздеу жұмыстарына жүздеген құтқарушы мен арнайы техника жұмылдырылған.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасовтың айтуынша жүріп өту қиын аудандарға әуеден шолу жасалып, жағалау белдеуі мен көл акваториясы тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, Алматы облысында жоғалып кеткен EC-145 әскери тікұшағын іздеу жұмыстарына түрлі әдістердің де қолданылып жатқанын мәлімдеді. Тікұшақ экипажының туыстарының өтініші бойынша бірнеше рет имам шақырылып, құрбандық шалынған. 

Фото: ТЖМ

Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Алматы облысында үш экипаж мүшесі бар әскери тікұшақ із-түзсіз жоғалып кетті.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды