12 жастар бала 8-ші қабаттан құлап кетті
12 жастағы жеткіншек абайсызда 8-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға Шымкентте болды. Түрлі дене жарақатын алған бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, оны өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Себебі, оқушының бас сүйегі сынып, кеуде және ішкі қуыстары қатты зақымданған,
деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы. NEGE. Қайғылы оқиға "Шымсити" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 12 жастағы жеткіншек терезеден абайсызда құлап кетіпті. Жедел жәрдем жеткенде, ол тірі болған. Дереу №1-ші клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімшесіне жатқызылыпты.
Құрамында реаниматолог, хирург және травматолог дәрігерлері бар кезекші топ консилиум жасап, шұғыл түрде реанимациялық шаралар қабылдаған. Осы уақыт ішінде кішкентай науқастың жүрегі екі рет тоқтапты. Жан-жақты дәрігерлік көмек көрсетілгенімен, баланы өлімнен аман алып қалу мүмкін болмады. Ауруханаға түскен соң 3 сағаттан кейін бала көз жұмған.