12 жасар әнші қыз «Голос. Дети» байқауына жолдама алды

12 жастағы Екатерина Табарина ресейлік «Голос. Дети» байқауының кезекті маусымына қатысады

Алматы, NEGE. Жас әнші 1971 жылы жарық көрген «Джентльмены удачи» фильміндегі «Проснись и пой» әнін орындады. Оған танымал ресейлік орындаушы Баста (Василий Вакуленко) жетекші болады және байқауда бағыт-бағдар беріп отырады. «Маған әннің өзі ұнамады, бірақ сенің ән шырқауың ұнады. Енді жыламаймын деп уәде бер. Әйтпесе менің де екі қызым бар, олар жыласа, мейірімді, күлкілі атайға айналамын. Командаға қош келдің», - деп қолдау білдірді ресейлік музыкант. Екатерина Табарина 2008 жылы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазір № 3 мектеп-гимназиясының оқушысы. «Аялаған Астана», «Бақытты бала», «Бала дауысы» ән байқауларына қатысқан.

«Менің ата-анам, екі бауырым және бір әпкем бар. Бәріміз бірге қыдырғанды жақсы көреміз. Қыста шаңғы, коньки тебеміз, жазда велосипед айдаймыз. Мені мектепте әнші деп атайды. Карантин кезінде отбасыма қолдан маска тігіп бердім», - дейді Екатерина 1 арнаға берген сұхбатында.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?