12 өңірде омикронның жаңа түрі анықталды
12 өңірде коронавирус инфекциясының стелс-омикрон түрі табылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
Алматы, NEGE. Вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатыр .
«Симптоммен жүгінген пациенттер толық көлемде ем алады. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантиндік іс-шара енгізбейміз. Сондықтан барлық карантиндік іс-шаралар алынып тасталды. Қазіргі уақытта негізінен тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр», – деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар ол маска режимін енгізуге еш негіз жоқ екенін айтты.