12 млн доллардан астам ақша мен алтын тәркіледі

«Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) қозғалысының жетекшілері Ауғанстанда рейд жүргізіп, бұрынғы шенеуніктердің дүние-мүлкін тәркіледі. Бұл туралы DW хабарлады.

Алматы, NEGE. Тәліптер Ауған үкіметінің бұрынғы мүшелерінің үйінен 12 млн доллардан астам ақша мен алтын тәркілеген.

«Ауғанстан Ислам Әмірлігі ашықтық қағидаттарын ұстанады және бұрынғы үкімет мүшелерінің үйінен алынған қаражатты ұлттық қазынаға аударады», – деп хабарлады Ауғанстанның орталық банкі.

Бұған дейін тәліптер Ауғанстандағы банктерді ашу туралы бұйрық шығарған. Алайда банктердің кейбірі доллар тапшылығынан жабылып қалудың алдында тұр.  

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды