12 аурухана басшысы Марат Абдуллаев кім?

Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханаға жаңа басшы тағайындалды. Осыған дейін аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған Алмаз Джувашевтің орнынан кетуіне дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтырғаны себеп болды.

Алматы, NEGE. "Медициналық ұйым басшысының міндеттерін бүгінгі күні Марат Шадыбайұлы Абдуллаев атқаруда. Оның денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрайды. 28 жылдан астам басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар, сондай-ақ ол 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін осы стационардың басшысы болды" деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. 

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін