12 әскери қызметші зардап шекті 

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жаралыс салдарынан 12 әскери қызметші зардарп шекті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды nege.kz сайты.

Тараз, NEGE. «Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан шыққан өртті сөндіру жалғасып жатыр. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Оқ-дәрінің бұл түрі жарылыс жасауға арналған және алысқа ұшатын снарядтары жоқ. Сондықтан жарылыс салдарынан жарықшақтар мен оқ-дәрі бөлшектері ұшқан жоқ. Жарылыстар негізінен толқын сипатында, қатты дыбыстар шығып, жалыны қатты болады», – деп атап өтеді ведомстводан. 
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 12 әскери қызметші туралы ақпарат бар. Аталған әскери бөлімде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге эвакуацияланып, орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді