12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 12-14 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

- Республиканың басым бөлігінде күн жылынған сайын ауа массалары тұрақсыз болады,12-13 шілдеде орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Республика бойынша, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы және өте қатты ыстық болады, - деді «Қазгидромет» РМК.

Ауа температурасының негізгі фоны күндіз батыста 34 42°С, оңтүстік-батыста 40 45°С, солтүстік-батыста 28 35°С-тан 30 40°С дейін көтеріледі, солтүстікте 25 33°С-тан 22 30°С-қа дейін ауытқиды, орталықта 22 30°С, шығыста ауа температурасы 22 32°С-тан 17 25°С-қа дейін төмендейді. , оңтүстікте ауа температурасы 29 37°С-тан 32 40°С-қа дейін, республиканың оңтүстік-шығысында 22 32°С-тан 25 35°С-қа дейін көтеріледі.