120 грамм алтын: Ресейлік азамат ұсталды
Ресейлік азамат контрабандалық жолмен 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы шекарадан алып өтпек болған, деп хабарлайды ҰҚК.
Алматы, NEGE. «Шекарашылар Қостанай облысы «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде Ресей азаматынан автокөлігінің шанағына жасырған жалпы салмағы 120 грамм қолдан құйылған алтын құйманы тапты. Ол алтынды Ресейге алып өтпек болған.Ұсталған адам және контрабандалық жүк Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне әрі қарай тексеру үшін тапсырылды», - делінген хабарламада.