12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

Ақмола облысының арнайы прокурорлары «Центр плова Loft» кафесіндегі өртке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Төтенше жағдайлар департаменті

Астана, NEGE. Оқиға биыл 26 ақпанда болған. Кафеде газ баллоны жарылып, кейін өрт шыққан. Салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі жарақат алған. Ғимарат иесіне аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Бұл іс бойынша кафені жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізген адам қылмыстық жауапқа тартылып жатыр.

Олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сараланды: өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету.

Прокуратураның мәліметінше, өрт қауіпсіздігі сақталмағандықтан осындай ауыр жағдай болған. Іс бойынша соңғы шешімді сот қабылдайды.