-11°C болады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 5-7 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын түседі.

Алдағы үш күнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Синоптиктер болжамы бойынша көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.