11 жасар оқушы мектепке қару алып барған

Мексикада 11 жастағы оқушы мектеп ішіне қару алып кіріп, жағалай оқ атқан.

Алматы, NEGE. Салдарынан бір мұғалім мерт болып, тағы 6 адам жарақат алды. Олардың бесеуі 7 мен 13 жас аралығындағы балалар, қалған біреуі ересек адам. Ал оқ атқан жеткіншек соңынан өз-өзіне қол жұмсапты. Әзірге оқушының неге бұлай істегені белгісіз.  Қанды оқиғаға ел президенті де алаңдап, қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін