11 қаңтарда Атырау мектептері балаларды түгелдей қашықтан оқытады
11 қаңтарда мектептерде сабақтар қашықтан оқыту форматында өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Біз үшін балалардың қауіпсіздігі мен өмірі өте маңызды. Сондықтан сайлау учаскілері ретінде қолданылған білім беру ұйымдары ертең толығымен дезинфекцияланады. Сол себепті, 11-қаңтарда мектептерде сабақтар қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Ал 12 қаңтардан бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері негізінде кезекші сынып режимінде оқуды жалғастырады», - деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.