118 балабақшада кезекші топтар жұмысын бастады
Маңғыстау облысында карантин кезінде 2 мыңға жуық баланы қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Уақытша құрылған кезекші топтар Ақтаудағы 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымында ашылды. Оның 12-сі жеке, 6-ы мемлекеттік балабақшалар. Әзірге онда 247 бала бар. Ата-аналар балабақшаға карантин кезінде жұмыс істеп жүргенін растайтын анықтама алып барулары тиіс. Таңертең ғимарат ауласына кіре берісте балаларды мейірбике күтіп алады. Олардың дене қызуын өлшеп, қолдарын антисептикпен сүртіп, ішке кіргізеді. Жатын бөлмесіндегі төсектер бір метр арақашықтықта қойылған. Ал балабақшаға ата-аналардың кіруіне тыйым салынған.