10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
Генерал-майор Серік Күдебаев сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Апелляциялық сот отырысы 29 маусымда өтеді.
"Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық істі қарау Жетісу облыстық сотының ғимаратында 29 маусымда сағат 15:00-ге белгіленді", – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.