10 тамыздан бастап вакцина алмаған қызметкерлер тексеріледі

10 тамыздан бастап ел өңірлерінде жұмыскерлердің коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаны, не алмағаны жөнінде мәліметтер тексеріле бастайды.

Алматы, NEGE.  15 шілдеде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан болатын. Онда міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілген еді.

Атап айтқанда, қаулыда ұйымдар қызметкерлері вакцинаның бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алып бітуі тиістігі айтылған. Сонда ғана олар штаттық режимде жұмысқа жіберіледі.

Вакцинацияланбаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге айыппұл салынады:

- жеке тұлғалар - бес АЕК мөлшерінде (14 585 теңге);

- лауазымды тұлғалар - 15 АЕК мөлшерінде (43 755 теңге);

- шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар - 100 АЕК мөлшерінде (291 700 теңге);

- орта бизнес - 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері - 500 АЕК көлемінде "(1 458 500 теңге);

Жазада кәсіпкерлердің қызметін тоқтату да қарастырылған. 

Қазір оқып жатыр

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты