10 өзбектің мәйіті еліне жеткізілді

Ресейде қаза тапқан 10 өзбекстандықтың денесі Ташкентке жеткізілді.

Алматы, NEGE. «26 қаңтарда HY-668 рейсімен Ресейде ағаш үй өртеніп қаза тапқан 10 өзбек азаматының денесі еліне жеткізілді», – деп хабарлайды Өзбекстанның СІМ баспасөз қызметі. Қаза тапқан 12 адамның 11-і өзбекстандық. Біреуі – Ресей азаматы. Бір адамның денесіне әлі сараптама жүргізіліп жатыр.

Өрт Причулым ауылында болған. Ағаштан жасалған үй тұруға арналмаған, ағаш кесетін өндірістік орын болған. Бұл жерді қытайлық «Грин Вуд» компаниясы жалға алған. Мұнда белгілі болғандай қытайлық және өзбекстандық азаматтар жұмыс істеп келген. Компания директоры құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған. Қайтыс болған Өзбекстан азаматтарының бәрінде Ресейде ресми жұмыс істеуіне рұқсат берілетін патент болған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»