10 мыңнан астам жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда екпенің I компонентін 8 852 029 адам алған. Ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны - 8 286 016 адам. 11 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 181 037 адам, ІІ дозасын - 14 580 адам салдырды. Оның ішінде: І компонент Жасөспірімдер – 144 613 Жүкті әйелдер – 10 645 Бала емізетін әйелдер – 25 779. ІІ компонент Жасөспірімдер – 10 690 Жүкті әйелдер – 1 141 Бала емізетін әйелдер – 2 749.