10 мамырда ауа райы бұзылуы мүмкін

10 мамырда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Казгидромет РМК орталығы.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыстан соғатын желге алмасын, екпіні секундына 9-14 метр болады.

Ақмола облысында күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Айта кетейік, бүгін, 9 мамырда Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында ескерту жарияланды. Мұнда желдің екпіні секундына 15-23 метрге жетеді. Маңғыстау облысында жаңбыр және найзағай болады.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген