9 ноября 2023 г. 17:40
10 қараша күні Алматыны тұман басады
Алматыда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, 10 қараша күні түнде және таңертең қалада тұман түседі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұманды күні көлік жүргізушілеріне аса сақ болу керек екенін ескертті. Мүмкіндік болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс.
"Көлікті қауіпсіз жүргізудің басты кепілі – жылдамдықты айтарлықтай төмендету", – делінген хабарламада.