10 бала КВИ жұқтырған

ШҚО-да оқушылар арасындағы КВИ-ға қатысты тың мәлімет жарияланды.

Алматы, NEGE. Қашықтан оқып жүріп, коронавирус белгілері анықталған 6 бүлдіршіннің инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз. Шығыс Қазақстан облысында 10 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның төртеуі шағын мектепте оқитын балалар болса, қалғандары қауіпті кеселді қашықтан оқып жүріп жұқтырған.

Оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркеліп жатқаны жайлы санитарлық эпидемиолог мамандар мәлімдеп отыр. Кеше ғана Алтай ауданы Парыгино ауылындағы шағын кешенді мектептегі екінші сынып оқушысының осы індетке шалдыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Енді белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған оқушылар өзге аудандарда тіркелген болып шықты. Осылайша, қазір Көкпекті ауданындағы бір мектеп толықтай карантинге жабылды. Өйткені онда 11-сынып оқушысы мен оның сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әкесінен инфекция анықталып отыр.

Ал бұдан өзге, Шемонаиха және Алтай аудандарында COVID-19-ға шалдыққан оқушының сыныптарында карантин жарияланды. Өйткені олардың сыныптастары арасынан ауру жұқтыру дерегі әлі анықталмаған. Дегенмен, болашақта олардың дистанционды түрде білім алуына кеңес берілді. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар бақылауға алынды. Ал, қашықтан оқып жүріп, коронавирус белгілері анықталған 6 бүлдіршіннің инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды