10 адам қаза тапты: АҚШ-та супермаркет қызметкері оқ атты

Атыс Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart супермаркетінде болды.

Алматы, NEGE. 10-ға жуық адам қаза тапты, жараланғандар да бар, деп хабарлады жергілікті WAVY-TV телеарнасы.

Оқиға туралы қоңырау полиция бөлімшесіне сейсенбі күні сағат 22.12 шамасында түскен. Полиция қаза тапқандар мен жараланғандар туралы толық ақпарат берген жоқ. 

Полицияның мәліметінше, оқ атқан адамның өзі де өлген. 

Куәгерлердің бірі оқ жаудырған адамның супермаркет қызметкері екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті