100 лицензия – жоспарда!
«Қазақстан Токиода өтетін Олимпиялық ойындарға 100 лицензия ұтып алуды көздеп отыр», деп жазады ҚазТАГ агенттігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Серік Сәпиевтің сөзіне сілтеме жасай отырып.
Алматы, NEGE. Елімізге көптеп лицензиялық медаль жинақтайтын халықаралық жарыстардың көбі келер 2020-жылы өтеді. Бокстан 69 келі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов, 91 келідегі Василий Левит, ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабай, Бизат Нұрдәулетов (81 келі), Қайрат Ералиевтер (56 келі) болашақта лицензия алады деген үміт басым.
Қазіргі таңда Нұрислам Санаев, Мейрамбек Айнағұлов, Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландиндерде алдағы олимпиялық ойындарға жолдама бар.