1000 автобус «Төлем» құрылғысымен жабдықталған

Өздеріңізге белгілі Шымкент қаласында көлік саласын цифрландыру бағытында, «TOLEM» электронды билеттендіру жүйесі енгізілген болатын.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда 200 мың карта қолданыста. 350 карта сату нүктелері жұмыс істейді.

Қалада 1000 автобус «Төлем» құрылғыларымен жабдықталды. Сондай-ақ, наурыз айында 4 513 000 транзакция жасаған. Оның ішінде 83 пайызы электронды карта бойынша жүзеге асырылса, қолма-қол төлеу – 16, СМС арқылы – 1 пайыз.

Осылайша, қоғамдық көліктердің цифрландырылу барысы өз кезегімен жүзеге асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды