100 мыңнан астам тіркелмеген абоненттік нөмір тәркіленді – Министр

Қылмыстық істер құрылымындағы интернет-алаяқтықтың үлесі 26%-ға жетті.

Полиция

Алматы, NEGE. 81 SIM-бокс пен 100 мыңнан астам тіркелмеген абоненттік нөмір тәркіленді. 6 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, оның ішінде 1-еуі трансұлттық. Жалған нөмірлерден келіп түсетін халықаралық қоңырауларға техникалық тосқауыл қойылды.

– «Антифрод-орталығы» аясында екінші деңгейлі банктермен бірге жүргізілген өзара іс-қимыл нәтижесінде 67 миллионнан астам алаяқтық қоңырау, 4 531 жалған сайт, жалпы сомасы 2,7 миллиард теңге болатын есепшоттар бұғатталды. Шетелдік әріптестермен бірлесіп 7 Call-орталық жойылды, елімізде 5 осындай орталықтың қызметі тоқтатылды. ІІМ бастамасымен Интерпол және 40 елдің құқық қорғау органдарының қатысуымен халықаралық арнайы операция жүргізілуде, – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады