10 жастағы Кәрім Дүйсеков Коперник олимпиадасында жеңіске жетті

Қазақстандық төртінші сынып оқушысы Кәрім Дүйсеков Хьюстон қаласында өткен 6-шы Коперник олимпиадасында «жаратылыстану» санатында алтын медаль жеңіп алды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл беделді жарыста жаратылыстану, физика және астрономия пәндерінен әлемнің үздік оқушылары бақ сынады.

Кәрім өз білімін, еңбекқорлығын көрсетіп, жасы үлкен қарсыластарын артта қалдырды. Ол олимпиаданың ең жас жеңімпазы ретінде танылды. Қазақстан атынан олимпиадаға 15 оқушы қатысқан болатын.

Каримнің әкесі Талғат Дүйсековтың айтуынша, бұл жеңіс тек Кәрімнің жетістігі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейде бәсекелесуге қабілетті екенін дәлелдейді.

Коперник олимпиадасы – жаратылыстану ғылымдары саласында оқушылар үшін ең беделді жарыстардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік жас дарындарды тартады.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін