10 шілдеге арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін еліміздің кей өңірінде бұршақ аралас жауын жауады.

Pixabay

Алматы, NEGE. Ал еліміздің оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Батыс аймақтарда да дауыл тұрып, солтүстікте және орталықта түнгі уақытта тұман түседі.

Астанада күн бұлтты. Жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 25 27°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн бұлтты. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 27 29°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 32°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Қазақстандағы ең кедей өңір белгілі болды: жағдай нашарлай түскен

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек