10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжаттарын тапсырды

13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді.

Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Атап өтсек, грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?