10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ұлттық банк номиналы 10 мың теңгелік банкноттардың айналымда қатар жүру мерзімі бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылғанын хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Банк өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысымен қабылданған.

«Бұл шешім ескі үлгідегі банкноттарды есеп айырысу кезінде қосымша бір жыл ішінде пайдалануға, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі банкноттарға кезең-кезеңімен ауыстыруға мүмкіндік береді», – делінген орталық банк хабарламасында.

Бұл ретте «Сақ стилі» сериясындағы жаңа банкноттарды кезең-кезеңімен шығару жалғасады. Сол мерзім аяқталған соң барлық банк пен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайды.

Жаңа және ескі үлгідегі банкноттар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк халық арасында кеңінен таралған 10 мың теңгелік банкноттың айналымдағы мерзімі осы жазда аяқталатынын, алайда оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі