1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: Өңірлерде алғашқы қоңырау шарасы қашан өтеді?

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. Биылғы оқу жылында 345 мың бала алғаш рет мектеп партасына отырады.

2 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады. 

Бұған дейін алматылық оқушылардың 1 қыркүйекте мектепке бармайтыны хабарланған болатын. Алматыда Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтетіні белгілі болды. 

Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты  ҚР Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті.

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі не қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді (ЕК).

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр